ТАҒЫ ДА ТҰМАН, ТАҒЫ ДА ЖЕЛ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АУА РАЙЫ ӨЗГЕРЕДІ

Уақыты: 02.01.2022
Оқылды: 1144
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райына қатысты ескерту жариялады.

"Қазгидромет" РМК-ның ескертуі негізінде 2-7 қаңтар күндері Алматы облысында тағы да тұман түседі. Сонымен қатар, Алакөл аумағында оңтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні 29 м/с-қа дейін жетеді.

Осыған байланысты облыс тұрғындарын ауа райының өзгеруін назарға алып, сақтық шараларын ұстануға шақырамыз! Еске салайық, осыған дейін Алматы облысының полиция департаменті барлық жүргізушілерге тұманға байланысты бейнеүндеу жолдаған еді. ЖПҚБ патрульдік полиция батальонының командирі, майор Ерлан Мұхамедияров өз сөзінде: «Құрметті жүргізушілер! Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты тұман қоюланып, жолдарда көру мүмкіндігі нашарлады. Осыған орай, сіздерден қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, әсіресе, жылдамдықты асырмауды және көлік арасындағы арақашықтықты сақтауды сұраймыз. Тұман салдарынан түрлі жол-көлік апаттары орын алып жатқанын білесіздер! Тұманда жол жүрсеңіз, мұқият болу қажет», - деді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"