ӘСКЕРИ ГАРНИЗОНДА ӨЛЕҢ ОҚЫЛЫП, ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР ШЫРҚАЛДЫ

Уақыты: 02.01.2022
Оқылды: 1309
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған гарнизоны №54380 әскери бөлімінде «Мәңгілік Ел тұғыры» атты патриоттық іс-шара өткізілді.

Аталмыш шараның негізгі мақсаты - әскери қызметшілердің туған өлкемізге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Іс-шара барысында бөлімнің бірқатар әскери қызметшілеріне өлең шумақтары арналып, патриоттық әндер шырқалып, тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктер туралы бейнежазба көрсетілді.

- Ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке ие болғанымызға 30 жылдан асты. Шынында 30 жыл тарих үшін қас-қағым сәт, алайда Қазақстан осы аралықта Ұлы даланың қайсар ұлдарын қалыптастырып үгерді. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! – деді №54380 әскери бөлім командирінің орынбасары, подполковник Айбек Бодан.

Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі

Алматы облысы