Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

Уақыты: 28.11.2023
Оқылды: 409
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Қазгидромет» РМК ел аумағында 28 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

«Республиканың батыс жартысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыздығы байқалады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады», — деп жазды синоптиктер.

Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ болады.

Фото: ҚазАқпарат