Алғысым шексіз

Уақыты: 03.12.2023
Оқылды: 732
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Асыл әже, ұлағатты ұстаз, білім беру саласының үздігі Жәмиға Ғалиқызы Орманова осыдан бір ай бұрын дүниеден озды. Әжеміздің саналы ғұмырында тек біздің отбасы үшін ғана емес, жүздеген шәкіртіне қадірлі, ардақты және де сүйікті тұлға бола білгендігін жан-тәнімізбен сезіндік.

Құрметті ағайын, әулетіміздің қайғысына ортақтасқандарыңыз үшін басымды иіп рақмет айтамын. «Қайғыны бөліссең азаяды» деген сөз тегін емес екен. Көңіл білдірген көптеген ел азаматтарына мың алғыс!

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Б. Римова атындағы Талдықорған драма театрының директоры Ерлік Жуасбек және Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Басқарма төрағасы – ректор Мейрам Бегентаев, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Жетісу телеарнасының директоры Думан Алтынбекұлы, «Бабалар аманаты» тарихи-мәдени қоғамдық  қорының төрайымы Арайлым Рахымқызы қайғымызға көңіл айтып, жедел хат жолдады.

Ормановтар әулетінің атынан ризашылығымызды білдіреміз!  Баршаңызға Алла разы болсын!

Расымен, апамыз өмірінің соңына дейін әкесі Ғали Ормановтың шығармашылығын зерттеп, жастарға насихаттауда үлкен еңбек сіңірді. «Жастар үлкен тұлғаларды ұмытпай, ұлықтауы керек» деген сөзді үнемі айтатын. Болашақ ұрпаққа қалдырған аманаты, өсиеті – осы.

Айдар Қырықбайұлы,
Ғали Ормановтың жиен немересі