WhatsApp желісінде жаңа функция пайда болды

Уақыты: 05.12.2023
Оқылды: 748
Бөлім: КҮНДЕРЕК

WhatsApp мессенджерінде енді фотосуреттер мен бейнелерді түпнұсқа сапада жіберу мүмкіндігі бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі WABetaInfo порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандар iOS құрылғыларына арналған WhatsApp 23.24.73 нұсқасынан жаңа мүмкіндік пайда болғанын жеткізді. Енді мессенджер пайдаланушылары материалдардың сапасын жоғалтпай жібере алады. Мұны істеу үшін чатқа кіріп, "Бөлісу" түймесін басу керек. Кейін "Құжатты" таңдап, содан кейін "Фотосуретті немесе бейнені таңдау" тармағын басу қажет.

Жаңа мүмкіндік iOS құрылғыларының иелеріне алдағы апталарда қолжетімді болады. Ал Android пайдаланатындар үшін бұл функцияның қашан жұмыс істейтіні әлі белгісіз. 

Сурет: pixabay.com