"Немолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Уақыты: 06.12.2023
Оқылды: 675
Бөлім: КҮНДЕРЕК

"Немолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты ШҚО ІІД баспасөз қызметі өкілдері растады. Ведомство өкілдері қоғам белсендісіне қатысты басталған тергеу туралы ғана мәлімет беріп, істің мән-жайын жарияламады.

"2023 жылғы 6 қазанда Өскемендегі Ертіс ПБ-інде Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша соталды тергеу амалдарын басталды. Қазір тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі", - делінген ШҚО ІІД-нің баспасөз хабарламасында. 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Айта кетейік, Дина Таңсәрі (Смаилова) - белгілі қоғам қайраткері және "Немолчи" қорының жетекшісі.

Фото: Facebook / Dina Tansari