АЛДАҒЫ КҮНДЕРІ ЖЕЛ КҮШЕЙІП, ҮСІК ЖҮРЕДІ

Уақыты: 18.09.2024
Оқылды: 132
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды.


Ағымдағы аптаның соңына дейін антициклон Қазақстанның көп бөлігін қамтиды, осыған байланысты ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Тек еліміздің оңтүстік бөлігі ғана циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, жаңбыр, найзағай күтіледі.

Республика бойынша желдің күшеюі болжанып отыр. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі, 19-20 қыркүйекте 2 градусқа дейін үсік болжанады.