Президент күштік құрылымдарда бірқатар ауыс-түйіс жасады

Уақыты: 18.09.2024
Оқылды: 127
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Бақытбек Рахымбердиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызмет бастығы, ал Аңсаған Балтабеков Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Ал Еркін Ботақанов Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Аңсаған Балтабеков 2009 жылдан бері Президенттің күзет қызметінің офицері, бастықтың орынбасары қызметін атқарған. 2023 жылы 5 мамырда генерал-майор атағын алды. 

 

Фото: gov.kz