20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Уақыты: 20.09.2024
Оқылды: 72
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазгидромет синоптиктері 20 қыркүйек, жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Елдің көп бөлігінде фронттардың әсерінен жаңбыр жауады.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай жарқылдайды.

Республика бойынша жел күшейеді. Батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында 1-2 градус үсік жүреді. 

Еліміздің барлық дерлік өңірінде әлі де төтенше өрт қаупі сақталып тұр. 

Фото: freepik.com