Қазақстанда уран экспорты рекорд орнатты

Уақыты: 20.09.2024
Оқылды: 61
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстанда уран экспорты рекорд орнатты. 7 айда табиғи өңделген уран шетелге $2 миллиард долларға кеткен. 

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Stan.kz ақпарат агенттігінің дерегіне сүйеніп хабарлайды. 

Бұл алдыңғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 54%-ға артық. Тіпті 2015 жылдан бергі кезеңдегі ең жоғары көрсеткіш. Бұл бағаның өсуіне де әсер етеді. Экспорт физикалық тұрғыдан өзгерген жоқ (10,3 млн кг уран, +1% г/г).

Өнімнің нақты қайда кететінін қарастырайық:

Ақшалай негізгі үлес – Ресей Федерациясында (46%). Жылдық деңгейде жеткізілімдердің жалпы құны 23% - ға өскен. Дегенмен физикалық экспорт шамамен бірдей төмендеді. Сәйкесінше 1 кг уранның орташа құны (+63%) көтерілді. Егер доллармен емес, кг уранмен есептесек, онда биыл негізгі сатып алушы Қытайдың үлесі 44% болды. ҚХР бір жыл ішінде физикалық (+21%) және ақшалай (+72%) сатып алған.

Жалпы, былтырғы маңызды серіктестердің ішінен барлығы көлемді арттырды. Тек 2023 жылдың қаңтар-шілдесінде уранды 27,5 миллион долларға сатып алған Румыния мен Австрия саудасы төмендеген.

Фото: pixabay.com