ӨЗГЕ ҰЛТТАРҒА ҚҰРМЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

Уақыты: 10.06.2018
Оқылды: 1139
Бөлім: КҮНДЕРЕК

   Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз», – деген еді. Менің ойымша, «жаңа гуманитарлық білім. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» жобасы бойынша шетел кітаптарын аударып, қолданысқа беру – адами капиталға салынған инвестиция.   

 

   Бүгінде  жүз кітапты аударып, пайдалануға беру барысында елімізде көптеген жұмыстар жүріп жатқанын білеміз. Біздің білім шаңырағында да жоба бойынша әртүрлі шаралар іске асырылуда. Университет тәлімгерлері  жобаға қуана қолдау білдіруде.  Бастама шетелдің озық оқулықтарын  кедергісіз оқуға жасалған мол мүмкіндік деп білеміз.   Ғылым мен техника  дамыған, жастардың жаппай компьютерлік технологиямен әуестенуі кезеңінде рухани мұраттар мен құндылықтарды өркендету және әдеби көркем шығармашылыққа қызығушылықты қайта қалпына келтірудің өзекті мәселеге айналғаны шындық.  
   Жоба жастарды еліміздің  мәдениеті мен өзге ұлттардың мәдениетін сыйлауға тәрбиелейді. Тағы бір ерекшелік, көркем әдебиетті қазақ, орыс, ағылшын тілінде оқыту арқылы рухани құндылықтарды терең меңгерген, әлеуеті биік, мәдениеті жоғары, көзі ашық, көкірегі ояу адам қалыптастыруға күш салынады. Жоба  классикалық әдеби тілді үйреніп,  грамматикалық нормалар мен ережелерді меңгеріп, коммуникативтік дағдылар мен зейінді дамытып, өз ойын анық та айқын жеткізе білуге үйретуді басшылыққа алады. 

Арнай БАЙЖҰРЫНОВ, 
І. Жансүгіров атындағы  Жетісу мемлекеттік университетінің жастар ісі жөніндегі комитетінің  төрағасы, тәлімгер