Әскер қатарына аттандыру науқаны

Уақыты: 14.06.2018
Оқылды: 1859
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны барысында Алматы облысынан 1991-2000 жылы туылған 1800-ден астам азаматты әскер қатарына шақыру жоспарланған. Бүгінгі күні 1500-ге жуық шақырылушы әскер қатарына алынып, өз борыштарын өтеуге кірісіп кетті.

Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен кезекті 50 ұлан Отан алдындағы борышын өтеу үшін Қарағанды қаласында орналасқан ҚР ІІМ Ұлттық Ұланға қарасты 5451 әскери бөліміне салтанатты түрде аттандырылды. Шараға Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, Қарулы Күштерінің ардагерлері, ҚР ІІМ Ұлттық Ұланның өкілдері, сондай-ақ, әскерге қабылданушылардың ата-аналары мен туған-туыстары қатысып, ақ тілектері мен жылы лебіздерін білдірді.

Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі депаратменті бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник Талғат Дәулетханов әскерге аттанушы ұландарға құрмет көрсету мақсатында «Шақырылушылар күні» атты әскери-патриоттық акциясын дәстүрлі түрде өткізілетінін жеткізді.

- Әскер қатарына алынған жастар бүгінде Қарулы Күштердің әр саласында әскери борыштарын абыроймен өтеп келеді. Әскери бөлім командирлері Жетісу жастарының жігері мен қайраттылығына, дене даярлығына, әскери техниканы меңгерудегі зеректігіне таңданыс білдіріп жатады. Отан алдындағы борышты адал атқарып, елге абыроймен аман-есен оралуларына тілектеспін, - деп атап өтті полковник Талғат Дәулетханов.  

Биылғы жылдың наурыз айынан басталған көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны маусым айының соңына дейін жалғасады. Алматы облысынан шақырылған жастар ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің, ҚР Қарулы Күштерінің, ҚР ІІМ Ұлттық Ұланның әскери бөлімдеріне әскери борыштарын өтеуге аттандырылуда.

Жергілікті әскери басқару органдарының, денсаулық сақтау және құрылымдық күштердің өкілдерінен құралған шақыру және медициналық комиссиясы әскерге қабылданушыларды түбегейлі тексеруден өткізеді. Комиссия мүшелері әр үміткерді дара қарастырып, алған білімін, мамандығын, отбасы жағдайын, қызығушылықтарын, спорттағы жетістіктерін назарға ала отырып, денсаулық жағдайына қарай мерзімді әскер қатарына қабылдау туралы шешім шығарады.

 

Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі
департаменті баспасөз қызметі