АСТАНАДА ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

Уақыты: 23.01.2019
Оқылды: 1090
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Дәл қазір Астана қаласында "Тәуелсіздіктің ұрпақтары" атты Жастар жылына арналған салтанатты жиын басталды. Еліміздің әр өңірінен жиналған жалынды жастардың басын қосқан форум Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен шымылдығын түрді. Шараға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ қатысып отыр.

Жиында 24 жастағы кәсіпкер Расул Абдуллаевтың жұмысы таныстырылды. Ол өз сөзінде алға қойған арманын айтып, жұмыс нәтижесі жайлы жан-жақты мәлімдеді. Жас кәсіпкер Қазақстанда Маркетинг министрлігін құру туралы ұсынысын жариялады. Бұдан бөлек, жас қазақстандықтардың арманы мен мақсатын іске асыру идеясы жайлы жоспарымен бөлісті. Келесі кезекте 27 жастағы кәсіпкер Тамилия Розметова сөз сөйлеп, тұрғындарды Жастар жылының ашылуымен құттықтады. Отандық ауылшаруашылығын дамытуды қолға алған қайсар қыз сүт өнімдерін шығаратын қожалықты басқарады. "Осындай істерімізбен жаннатты өз қолымызбен жасауға болады", - деп аяқтады ол сөзін.

Форумда алғыр жастар кезекпен сөз сөйлеп, өз идеяларымен таныстыруда. Жастар жылына арналған жиын тікелей эфирде бірнеше отандық телеарналардан көрсетілуде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"