13 ЖАСАР СТУДЕНТ ЖАҢА ЛАТЫН ҚАРПІН ТАНЫСТЫРДЫ

Уақыты: 23.01.2019
Оқылды: 1159
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Елбасы қатысып отырған Жастар жиынында ақын Мерей Қарт Әдебиет академиясын құру туралы ұсынысын айтты. Шығармашылық өкілдерінің атынан сөз сөйлеген жас ақын жүрекжарды жырын оқып, көпшілік қошеметіне бөленді.

Жастар жиынында Қазақстанның алғыр буыны қол жеткізген жетістіктер таныстырылды. Кәсіпкерлігімен, білімімен, жаңа идеяларымен оза шапқан жастар Елбасы алдында өз жобаларымен таныстыруда. Сондай жастардың қатарында 13 жасар студент жаңа екі жобасын көрсетті. Ол әлемнің кез келген бұрышынан ағылшын қаріптері енгізілген пернетақтамен қазақша жаза беруге болатынын айтты. Студенттің екінші жобасы кириллше жазылған кітаптарды санаулы минутта латынға қотаратын бағдарламалық жүйе. Екі жоба да автордың атына аударылған.

Жобалармен танысқан Мемлекет басшысы ақын-жазушылардың жинақтары қайда қалады деген мәселе оп-оңай шешілетін болды деген ойын жеткізді. Жиында көпбалалы жас аналар да сөз сөйлеп, ізгі тілегін ақтарды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"