ЮНЕСКО: ОҚУШЫЛАРҒА ТӨСБЕЛГІ БЕРІЛДІ

Уақыты: 20.02.2019
Оқылды: 1724
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары федерациясы Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларына мүшелік төлқұжаттар мен төсбелгілерін тапсырды.

Осы салтанатты рәсімде тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Роза Битаева мен ЮНЕСКО клубының хатшысы Бақыт Қалиева құттықтау сөз сөйледі. Олар бұл оқиғаның балалардың дүниетанымын, бейбітшілікті сақтау идеясын қалыптастырудағы, Қазақстан Республикасының лайықты азаматы ретінде өз қызметін жүзеге асыруда ерекше маңызға ие екенін тілге тиек етті.

Іс-шара барысында балалар қонақтарды клубтың жұмысымен, жетістіктерімен таныстырды. 2018 жылдан бастап Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ЮНЕСКО-ның қауымдастығы мәртебесіне ие болып, өз жұмысын атқаруда.

Мектебіміздегі аталмыш клуб жыл бойы ЮНЕСКО федерациясының жобаларына белсенді қатысады. Осылайша оқушылар халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, білім, ғылым және мәдениет саласына өз үлестерін қоса отырып, біздің мектеп пен басқа клубтар арасына ынтымақтастықтың көпірін орнатады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 38 қалада және 9 ауылда ЮНЕСКО-ның 124 клубы жұмыс істейді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"