ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ: ЕҢ ҮЗДІК ОБЛЫС ӘКІМІ АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 23.11.2019
Оқылды: 1228
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Matritca.kz» республикалық ақпараттық-сараптамалық порталы әлеуметтік желідегі облыс әкімдерінің 2019 жылғы рейтингін жариялады. Алматы қаласындағы «SmArt.Point» ірі коворкинг орталығында жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды.

«Matritca.kz» порталы аймақтағы жаңалықтарды қалт жібермей, үнемі сараптамадан өткізіп отырады. Жұмысын бастаған уақыттан бері ақпараттық агенттік өз аудиториясын қалыптастырып қана қоймай, аймақ әкімдерінің ақпараттық белсенділігін жүйелі түрде бағалауды қолға алған болатын.

Айта кетерлігі, бағалау рейтингі 45 апта бойы жүргізілді. Сайт редакциясы сілтеме саны, позитивтілік және негативтілік, хабарлама аудиториясы, лүпіл, пікір, бөлісу, облыс халқын қамту сынды критерийлер бойынша бағалады.

Осылайша, Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ «Әлеуметтік желідегі ең үздік әкім – 2019» номинациясында жеңіске жетіп, кері байланыс пен өтініштерге дер кезінде жауап бергені үшін марапатталды. Ал екінші орыннан Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал АХМЕТОВ көрінсе, үшінші орынға Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин тұрақтады.

Бұл - Жетісу өлкесі басшысының бірінші жеңісі емес. Ол биыл үшінші жыл қатарынан  NUR.KZ ақпараттық порталы ұйымдастырған «Ең белсенді әкім», «Ең халықшыл әкім» аталымдарын да жеңіп алған еді. Одан бөлек, toppress.kz сайтында жарияланған «Медиалық технологиялар орталығы» сараптамалық қызметінің мониторинг нәтижелеріне сәйкес, қазан айының қорытындысы бойынша Амандық Баталов  бірінші орыннан көрінген.

Еңлік ҚАБДЕШ

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды