БІРЕУІ БАЛА: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 33 ЖОЛАУШЫ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Уақыты: 31.12.2019
Оқылды: 737
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Алматы-Өскемен» тасжолында автобус бұзылып, 33 жолаушы эвакуацияланды.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Алматы-Өскемен» тасжолының 370-нші шақырымында автобус жолда қалғаны туралы хабарлама сағат 04:45-те түскен. Көлік Ақсу ауданыныңдағы Жансүгіров ауылының маңында қалған.

Құтқарушылар оқиға орнына тез арада барып, 33 жолаушыны Сарқан қаласының автобекетіне жеткізді. Құтқарушылардың ақпаратына сәйкес, жолаушылардың өміріне қауіп төнген жоқ. Қоғамдық көлікте бір бала болған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды