"3-4 БАЛЛ": АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІР ТӘУЛІКТЕ ҮШ РЕТ ЖЕР СІЛКІНДІ

Уақыты: 20.01.2020
Оқылды: 1073
Бөлім: КҮНДЕРЕК

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансылар желісі бүгін Алматы уақыты бойынша 11 сағат 31 минут 04 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Төтенше жағдайлар комитетінің дерегінше, зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 231 шақырым қашықтықта - Алматы облысының Текелі қаласы мен Рудничный ауылының арасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 11.3. MPV магнитудасы - 4,7. Тереңдігі - 20 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша Текелі қаласында - 3-4 балл, Талдықорған қаласында - 3 балл болды. Қирандылар мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ.

Еске салайық, Алматы облысында жер сілкінісі 20 қаңтар күні түнгі 02 сағат 57 минутта да тіркелген болатын. Бірақ оның сезілуі туралы мәліметтер түспеді. Зілзаланың энергетикалық санаты - 10.0. MPV магнитудасы - 3.8. Тереңдігі 20 шақырымда орналасты. Сондай-ақ, 19 қаңтарда сағат кешкі 19.27-де Алматыдан оңтүстікке қарай 370 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінді. Алматыдағы дүмпу 3-4 балл қуатымен сезілді. Зардап шеккендер және қираған ғимараттар туралы мәлімет жоқ.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"