БАЙСЕРКЕ АУЫЛЫНДАҒЫ ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІНЕ БІРНЕШЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ

Уақыты: 13.10.2020
Оқылды: 1235
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Азаматтардың өтініші бойынша полицейлер Байсерке ауылындағы жол қозғалысын қайта қарады. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті мәлімдеді.

Атап айтқанда, "ЖБИ" және Өтеген батыр, Байсерке кенттері арасындағы теміржол өткелінде жол таңбасының тұтас желісі жойылды, сондай-ақ, полицияның қосымша жасақтары қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, Іле аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Марат Күштібаев Instagram парақшасында аудан тұрғындарымен онлайн-эфир ұйымдастырған болатын. Тікелей байланыс кезінде аудандық полиция бастығы WhatsApp мессенджері, тікелей эфирдегі жедел желі телефоны арқылы келіп түскен барлық сұрақтарға, сондай-ақ, онлайн қосылу кезінде де жолданған сауалдар мен өтініштерге жауап берді.

Қорытындылай келе, ауданның бірнеше елді мекендерінде қосымша рейдтік іс-шаралар өткізілді, атап айтқанда, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында "ЖБИ", Өтеген батыр және Байсерке кенттері арасындағы теміржол өткелінде мақсатты пысықтау жұмыстары жүргізілді. Ащыбұлақ және Боралдай кенттеріндегі күнделікті жол-көлік кептелістерін жою мақсатында полицияның қосымша жасақтары қойылды.

Азаматтардың өтініші бойынша жолдың аталған учаскесі зерттеленіп, жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін бұзуға итермелейтін Байсерке ауылындағы жол белгілерінің тұтас желісі жойылды. Себебі, аталған көшеге жету үшін айтарлықтай қашықтықты еңсеріп, бұрылып, кері қайтуға тура келетін. Бұдан бөлек, тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін жиі бұзуға ықпал ететін, отбасылық-тұрмыстық сипаттағы жанжалдарды тудыратын себептер мен жағдайлар, Ішкі істер органдарына қызметке кіру тәртібі, жекелеген полиция қызметкерлері әрекеттерінің заңдылығы және басқа да өмірлік мәселелер қызықтырды.

Тікелей эфир көрермендерінің барлық өтініштеріне полиция полковнигі Марат Күштібаев жауап қайтарып, бақылауға алып, нақты тапсырмалар берді. Эфирдің жағымды тұсы аудан тұрғындарының Іле ауданының басшылығы мен полиция қызметкерлеріне, олардың күрделі және қиын жұмыстарына айтқан алғыстары болды.

Атап айтқанда, Байсерке ауылының 25 жастағы тұрғыны полицейлерге бейнеөтініш арқылы көрсеткен орындарда тәртіп орнатқаны және онлайн эфир арқылы халықпен байланысқа шыққаны үшін алғысын білдірді. Ал 60 жастағы тұрғын дыбыстық хабарлама жіберген. Ол хабарламасында полиция бастығы Марат Әлімқұлұлына азаматтардың тілектеріне мұқият қарағаны үшін бір күн ішінде жол қозғалысына ұзақ уақыт кедергі келтірген жол белгілерінің тұтас желісінің алынып тасталғаны үшін ризашылығын жеткізді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан