ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ: ОЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Уақыты: 13.10.2020
Оқылды: 1225
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы төленетінін сіз білесіз бе? Ол қандай жағдайда төленеді және оған өтінішті қалай беру керек деген сұрақтарға, әдеттегідей, Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары жауап берді. Аталған жәрдемақыға өтініш берудің бірнеше жолы бар:

Egov.kz порталы арқылы: порталға кіріп, іздеу жолында «Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» деген қызмет атауын теріңіз. Қызметті онлайн сұратыңыз. Портал, ең алдымен, тұрғылықты ауданыңызды растауды сұрайды. Анықтаманы алу арқылы жұмыссыз ретінде тіркелгендігіңізді растаңыз. ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз. Қызметтің нәтижесін жеке қабинетіңізден біле аласыз.

Екінші ХҚО арқылы өтініш бере аласыз. Ол үшін ХҚО-ға кезекті алдын ала онлайн брондаңыз. ХҚО-ға барған сәтте жеке куәлік, жұмыссыз ретінде тіркелгеніңіз туралы анықтама (жұмыспен қамту орталығынан аласыз) мен жәрдемақы аударылатын банк шоты туралы ақпаратты ұсынасыз.

Үшінші Жұмыспен қамту орталығы арқылы рәсімдейсіз: жұмыспен қамту орталығына да жоғарыда аталған құжаттар тізімі тапсырылады.

Ескерту, жәрдемақыға өтініш беруші жұмыссыз ретінде тіркелген және бұған дейін ресми жұмыс істеген азамат болуы керек. Өтініш 8 жұмыс күні ішінде қаралады. Жәрдемақы 1 айдан 6 айға дейін төленуі мүмкін және азамат жұмысқа орналасқан жағдайда тоқтатылады. Жәрдемақы мөлшері азаматтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі төлемдер негізінде тағайындалады.

Іске сәт, жаныңызға жайлы жұмыс табыңыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан