ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА КӨЛІКТЕРІН КЕРІ ҚАРАЙ ЖҮРГІЗЕТІНДЕР ЖАЗАЛАНДЫ

Уақыты: 22.10.2020
Оқылды: 860
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында көліктерін кері бағытпен қозғауды ұнататын жүргізушілер жазаланды. Бұл жайында Алматы облысының полиция департаменті мәлімдеді.

Алматы облысының полицейлері желіде танылған жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды тауып, айыппұл салды.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегі көрсетілген бейнежазбаны анықтады. Іздестіру шараларын жүргізгеннен кейін құқық қорғау органдары тәртіп бұзушы жүргізушілердің жеке басын анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Атап айтқанда, Қарасай ауданы аумағындағы Шалқар-Қаскелең автожолымен артқы жүріспен қозғалып келе жатқан "Daewoo Nexia" маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің  590-бабы, 2-бөлігі "Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару" және 595-бабы, 2-бөлігі "Маневрлер жасауға тыйым салынған жерлерде артқа жүру арқылы маневр жасау қағидаларын бұзу» бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды.

Тәртіп бұзушының көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды. Осыған ұқсас Жол ережесін бұзу деректері бойынша "Алматы-Бішкек" республикалық маңызы бар автожолымен жүріп өткен кортеж жүргізушілері "Toyota Camry-70", "Infiniti QX-56" және "Митцубиси Галант" автокөліктерінің жүргізушілеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 590-бабы, 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жоғарыда аталған барлық автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"