САРҚАН АУДАНЫНДА ТОҒЫЗ АЙДЫҢ ІШІНДЕ 514 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Уақыты: 26.10.2020
Оқылды: 1083
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Сарқан ауданында 9 айда 541 сәби дүниеге келді. Бұл туралы Сарқан ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сәбилердің өмірге келіп, аналардың жағдайын жасау үшін аудандық ауруханда 25 ақ халатты абзал жан күн-түн демей қызмет етуде. Жаңа ашылған аурухананың перзентхана бөлімінде бүгінде 20 төсек-орын бар.

- Біздің ауруханаға келетін жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге, шала туған нәрестелерге мамандандырылған акушерлік-гинекологиялық, неонаталдық, алғашқы медициналық-санитариялық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетіледі. Қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында жаңа заманауи қондырғылар алынуда. Сонымен қатар, дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында шетелге жіберіп тұрамыз. Осының арқасында дәрігердің тәжрибесі артып, дені сау сәбидің өмірге келуіне өз септігін тигізетіні анық, - дейді Сарқан аудандық ауруханасының бас дәрігері Алтай Қамиұлы.

Айта кеткен жөн, Сарқан ауданында биыл 2 жас акушер-гинеколог жұмысқа кірген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан