АЛМАТЫДА АБАЙ ДАҢҒЫЛЫНЫҢ БОЙЫНАН ЖУРНАЛИСТЕР АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ

Уақыты: 26.10.2020
Оқылды: 1174
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы қаласының орталығында журналистер аллеясы пайда болды. Бұл жайында Tengrinews.kz тілшісі мәлімдеді.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қала орталығында, Абай даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысындағы жаңа аллеяда 30 түп ағаш отырғызды. Кілең төртінші билік өкілдері жиналып, ағаш еккен аумаққа әдемі ат та қойылды. Журналистер аллеясына отырғызылған 30 ағаш ертең талай адамға сая болары анық.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"