ЖАНБОЛАТ ЖӨРГЕНБАЕВ ТОҒЫЗ АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТЫҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ

Уақыты: 28.10.2020
Оқылды: 1283
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы Саяси кеңес бюросының отырысы онлайн форматта өтті.

Отырысты партияның Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев жүргізді. Онлайн жиында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының жайы таразыланды. Жоба аясында атқарылған жұмыстардың тиімділігі сараланды.

Мұнан соң партияның облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің және партиялық бақылау комиссиясының үстіміздегі жылдың 9 айында атқарған жұмыстары жөнінде баяндамасы тыңдалды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"