ГАЗДЫ ДҰРЫС ПАЙДАЛАНБАСАҢЫЗ, СОҢЫ ӨЛІММЕН АЯҚТАЛУЫ МҮМКІН

Уақыты: 01.11.2020
Оқылды: 1194
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті күнделікті тұрмыста газ пайдалану бойынша қауіпсіздік ережелерін жариялайды.

Табиғи газ адамдар үшін қауіптің ықтимал көздері болып саналады. Тұрмыста пайдаланылатын метан (қалалық магистральдық газ) және сұйытылған газ (баллондарда) адам өміріне аса қауіпті. Ағып кету кезінде олар тұншығуды, улануды және ең жаманы, жарылысқа әкелуі мүмкін. Қыста суық ауа райында жылы, жайлы бөлмеде жатқан адам иісті сезіп үлгермейді.

Физикалық ақаулары бар, сынау және пайдалану мерзімі өткен баллондар көп қабатты үйлердің ішінде көптеген жыл профилактикалық қызмет көрсетілмеген газ жабдығында қолданылады - бұл көп қабатты тұрғын үйлерде болып жатқан төтенше жағдайлар мен өрттердің негізгі себептерінің бірі.

"Газ және газбен жабдықтау туралы" ҚР Заңына сәйкес, тұрмыстық баллондардағы сұйытылған газды бөлшек саудада өткізуді тұрмыстық баллондардың жарамды техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге міндетті газ желісі ұйымдары мен газ толтыру пункттерінің иелері жүзеге асырады. Сұйытылған мұнай газын қабаты екі қабаттан асатын көп пәтерлі тұрғын үйлердің тұрмыстық баллондарында сақтауға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады.

Сарапшылар мұны қауіпсіздікті сақтау тұрғысынан басты проблемалардың бірі деп санайды. Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттармен қабаттылығы екі қабаттан асатын көп қабатты тұрғын үйлерде тұрмыстық газ баллондарын сақтауға және пайдалануға болмайды.

Алматы облысында халықтың 80 пайыздан астамы газ баллондарын пайдаланады. Олардан болатын өлім қаупі, әсіресе, қыста, қоршаған ауаның төмен температурасында артады. Айта кету керек, газдың тұтану нәтижесінде пайда болған адам денесінің термиялық күйіктерінің соңы кей жағдайда өліммен аяқталып жатады. Бұл өте өкінішті жайт. Мұның себебі қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтамаудан туындайды.

Үстіміздегі жылдың басынан Алматы облысында газ-ауа қоспасының жарылуы мен тұтануының 3 жағдайы орын алды: Талдықорған қаласы - 1, Қарасай ауданы – 1, Еңбекшіқазақ ауданы - 1. Осы жағдайлардың бірі Алматы облысы Қарасай ауданының Көксай ауылында орын алды. 31 тамызда сағат 12:39-да жеке тұрғын үй аумағында жалпы ауданы 36 шаршы метр уақытша үйдің ішіндегі 50 литрлік газ баллонының жоғары қысымды түтігінде газ-ауа қоспасының тұтануы орын алды, одан әрі 10 шаршы метр алаңдағы үйдің қабырғасы бұзылып, 2 шаршы метр аумақта заттар өртенді. Нәтижесінде, І дәрежелі 40-45 пайыз дененің термиялық күйігі салдарынан 1930 жылы туған азаматша Қарасай ауданының ауруханасы реанимациялық бөлімшесіне ауыр халде жатқызылды. Газ баллондарын пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда апат орын алмауы мүмкін еді.

Осыған байланысты Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті күнделікті өмірдегі газ қауіпсіздігінің негізгі ережелері туралы мыналарды еске салады:

- баллондарға арнайы өлшеу қондырғысымен, өлшеудің нормативтік дәлдігін қамтамасыз ететін бақылау таразыларымен, толып кеткен баллондардан газды ағызуға арналған ыдыспен (баллонмен) жабдықталған мамандандырылған пункттерде ғана толтыруды жүзеге асырыңыз;

​- баллонды суықтан жылуға әкеліп, оны жылу көздерінің жанына қоюға болмайды, күрт кеңейту нәтижесінде жарылыс болуы ықтимал;

- баллонды ауыстырар алдында жаңа және пайдаланылған баллондардың крандары жабық екеніне көз жеткізіңіз. Ауыстырғаннан кейін қосылыстардың герметикалығын тексеріңіз (сабын ерітіндісін қолдану арқылы);

- баллонды газ плитасымен қосу үшін қауіпсіздік қысқыштарының көмегімен бекітілген, ұзындығы бір метрден аспайтын таңбасы бар арнайы (кездейсоқ емес) икемді резеңке шлангіні пайдаланыңыз. Оның созылуына немесе қысылуына жол бермеңіз;

- газ құрылғыларын қосу кезектілігін сақтаңыз: алдымен сіріңкені жағыңыз, содан кейін газ беруді ашыңыз;

- тексерілмеген баллонды пайдалануға болмайды;

- газдың ағып кетуіне жол бермеу үшін тамақ пісіру кезінде қайнаған сұйықтықтар отты сөндіріп кетпеуін бақылаңыз. Қыздырғыштарды үнемі тазалаңыз. Жұмыстың соңында баллонның кранын жабуды ұмытпаңыз.

Үй-жайда газдың иісі пайда болған кезде газ беру кранын жабу, үй-жайды желдету үшін терезелер мен есіктерді дереу ашу, ашық отты пайдаланбау, электр және электр аспаптарын қоспау, телефон сымын розеткадан шығару керек. Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтай отырып, тұрғындар газ жабдықтарының сақталуын қамтамасыз етуі және таза ұстауы тиіс. Үй-жайда газдың иісі қатты пайда болған кезде аспаптарға дейінгі және аспаптардағы крандарды жабу, терезе мен желкөздерді ашу және "104" авариялық қызметін шақыру, сондай-ақ, "101" және "112" телефондарына қоңырау шалу керек.

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Сурет - ғаламтордан