АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АУЫСТЫ

Уақыты: 02.11.2020
Оқылды: 1449
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысы әкімінің өкімімен Нұртас Тынышбайұлы Қиялбеков Алматы облыстық ветеринария басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Нұртас Тынышбайұлы Қиялбеков 1976 жылы туған. Семей мемлекеттік университетін ветеринарлық-санитарлық дәрігер мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын Ақсу ауданында Қызылағаш жылқы зауытының №4 бөлімшесінің санитарлық фельдшері болып бастаған. Әр жылдарда «Ақсу ветсервис» ЖШС Қызылағаш учаскесінің ветеринарлық дәрігері, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Талдықорған қалалық аумақтық басқармасы ветеринариялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Талдықорған қалалық аумақтық инспекциясының ветеринария бөлімінің бастығы, инспекция бастығының орынбасары, аталған комитеттің Текелі қалалық аумақтық инспекциясының бастығы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Талдықорған қалалық аумақтық инспекциясының бөлім басшысы, Талдықорған қаласының ветеринария бөлімінің басшысы болды.

2018 жылдың мамырынан осы күнге дейін Алматы облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"