ТАЛҒАР АУДАНЫНДА МЕМБАҒДАРЛАМА БОЙЫНША 26 ЖОБА АЯҚТАЛДЫ

Уақыты: 10.11.2020
Оқылды: 1203
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында Талғар ауданында 6 миллиард 750 миллион теңгеге 53 жоба іске асырылуда.

Аталған бағдарлама аясында барлығы 1 мың 439 жаңа жұмыс орны құрылды. 738 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы орналасты.

Жалпы, 1 миллиард 107,6 миллион теңгеге 26 жоба бойынша жұмыс аяқталды. Атап айтар болсақ, Панфилов ауылдық округінде орналасқан Төңкеріс ауылындағы 1977 жылы бой көтерген №23 орта мектеп осы жылы “Жұмыспен қамту жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында толығымен жаңартылды. Күрделі жөндеуге 226 миллион 739 мың теңге жұмсалды. Қазіргі таңда 23 кезекші сыныпта 255 бала білім алуда. Білім ошағындағы ерекшелік – оқушылардың жартысы басқа ауылдардан келіп, тасымалдау арқылы білім алады.

Талғар қаласындағы санаторлық мектеп-интернаттың, аудандық Мәдениет үйінің жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудан мектептеріндегі ішкі дәретханаларын ағымдағы жөндеу бойынша 10 жобаға 39,1 миллион теңге бөлінді.

Трансформаторлық қосалқы стансыларды орнату және электр желілерін жөндеу бойынша 8 жобаға 70,9 миллион теңге, аудан жолдарын ағымдағы жөндеу бойынша 5 жобаға 224,5 миллион теңге қарастырылған.

Аудан бойынша атқарылатын 19 жобаның жұмыстары жалғасуда. Бесқайнар ауылының сумен жабдықтау жүйесін күрделі жөндеу, «Талхиз» қалашығын санитарлық-гигиеналық тораптармен жабдықтау, жерасты көздерінен бас тарту торабынан Талғар қаласының №1 алаңына дейінгі магистральдық су тартқышты қайта жаңарту және салу, Талғар қаласының арық желілерін абаттандыру, аулаішілік алаңдарды абаттандырудың 2 және 3 кезеңдері бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Аудандағы жолдарды жөндеуге қатысты 13 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде. 

Жанкелді ӨМІРӘЛИЕВ,

Талғар ауданы әкімінің баспасөз хатшысы