АДАМЗАТҚА ТӨНГЕН ҚАТЕР: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ КӨТЕРДІ

Уақыты: 09.11.2020
Оқылды: 889
Бөлім: КҮНДЕРЕК

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" және экономикалық зерттеулер институтының қолдауымен "Expo&Women" халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі республикалық онлайн-конференция өтті. Аталған жоба Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің серіктестігімен жүзеге асырылуда.

Жыл басынан бері Тұрақты даму мақсатының бағыттары бойынша елімізде 17 онлайн-семинар өтті. Онда балалар мен жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылық пен қанаудың барлық түрін жою, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, жастар арасында және әлеуметтік салада, ғылым, білім, медицина, бизнесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ұлттық заңнамаға және халықаралық келісімдерге сәйкес жұртшылықтың ақпаратқа қол жеткізуі және бостандықтары сияқты өзекті тақырыптар талқыланып, шешім қабылданған.⠀Іс-шараларға 1000-ға жуық адам қатысып, семинарларды 30000-нан астам адам қараған. Бұл тұрғындар арасында осы тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Сонымен қатар, түсіндіру іс-шаралары шеңберінде алғаш рет әлеуметтік зерттеу жүргізіліп, "Қазақстанда ТДМ (тұрақты даму мақсаты) имплементациялау бойынша әдістемелік ұсынымдар" әзірленді.

Расында, өнеркәсіптік төңкерістің салдары әлемді әлемдік экономиканың дамуына кедергі келтіретін ауыр әлеуметтік және экологиялық проблемаларға алып келді. Климаттың өзгеруі, тұщы судың жетіспеушілігі, экожүйелердің тозуы, қарулы қақтығыстар, жұмыссыздық, жұқпалы аурулардың тез таралуы, мәжбүрлі жұмыс және тағы басқалар адам баласының өміріне ауыр қатерлер төндіруде. Ал 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму бағыты бойынша атқарылатын жобалар бейбіт қоғам мен тиімді, есеп беретін құқықтық институттарды құруға бағытталған. Пандемияға байланысты барлық жерде қалыптасқан жағдай оның міндеттерінің қаншалықты маңызды және өзекті екенін көрсетті.

Осындай күн тәртібінде тұрған мәселелерді қаузаған кезекті онлайн конференцияға депутаттар, құқық қорғаушылар және қоғам қайраткерлері қатысып, мемлекеттік ұйымдардың өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар қауіпсіздік, адам құқықтарын қорғау, экономикалық және әлеуметтік даму, кедейлікті еңсеру, қоршаған ортаны қорғау, білім, ғылым, мәдениет, шұғыл гуманитарлық және техникалық көмек көрсету, бітімгершілік салаларындағы уақыт сын-қатерлеріне ден қою тетіктері жан-жақтылы талқыланды.

Конференцияны "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ орнықты даму мақсаттары жөніндегі хатшылықтың директоры, жобаның сарапшысы Б.Хамбар, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығынан" Б.Мукина, "Expo&Women" халықаралық ұйымы" ЗТБ (заңды тұлғалар бірлестігі) басқарма төрайымы, жоба жетекшісі Л.Асқарова, БҰҰ-ның ҚР-дағы Тұрақты өкілінің орынбасары В.Времиш, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Э.Әзімова, "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ директорының орынбасары, жоба сарапшысы Ш.Жақыпова, экологиялық ұйымдар қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары  Е.Абақанов, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі С.Тұрсынбекова, әлеуметтанушы Б.Төрехановалар қатысып, баяндама жасады. Сонымен қатар, конференцияға қатысушылар  "Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдағы азаматтық қоғамның рөлі", "Балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріндегі азаматтық қоғамның рөлі", "Әлеуметтік салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық белсенділікті дамыту", "Қоғам мен БАҚ ақпаратқа және ашық деректерге қол жеткізуі туралы" сынды тақырыптық сессиялар аясында ой-пікір бөлісті.

Қажет АНДАС