ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ТҰРАТЫН МҰҒАЛІМ АЛМАТЫДАН ПӘТЕР ҰТЫП АЛДЫ

Уақыты: 11.11.2020
Оқылды: 1015
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қараша айында Halyk Bank-тің “Ай сайын пәтерлер ұтыс ойыны” ауқымды науқанының жеңімпазы болып Алматы облысыҚарасай ауданыҰлан ауылының мұғалімі Галияш Барлыбаева танылды. Жеңімпаз Алматы қаласындағы “Хан-Тәңірі” элиталық тұрғын үй кешеніндегі 3 пәтердің алғашқысын жеңіп алды. Жыл соңына дейін осы тұрғын үй кешенінде тағы 2 пәтер ойнатылады. Бұл туралы Түркітілдес журналистер қоры мәлімдеді.

Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған ауқымды акция, яғни, Алматы қаласының экологиялық таза элиталық ауданында үш жайлы пәтер ұтысқа тігілді. Атаулы ұтысқа қатысу шарттары өте қарапайым: 2020 жылғы 20 желтоқсанға дейін Halyk Bank-те 50% жеңілдікпен тиімді кредит немесе артық төлемсіз 24 айға дейін бөліп төлеуге зат ресімдеп, ай сайын Homebank қосымшасындағы қызметтерді төлеу жеткілікті.

Науқанның барлық шарттарын орындаған клиенттер арасында пәтердің алғашқы иесі банктің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында, тікелей эфирде, Halyk Bank қызметкерлері қатарынан құралған комиссия және нотариустың қатысуымен кездейсоқ сандарды таңдау әдісімен жеңімпаз анықталды.

- Мен ешқашан осы уақытқа дейін қандай да бір ұтыс ойынға қатысқан емеспін, өйткені, шынымды айтсам, ұтысқа сене бермейтінмін, – дейді жаңа пәтердің иесі Ғалияш Барлыбаева. - Ал бұл жолы басқа банктен алған кредитімді Halyk Bank арқылы қайта қаржыландыру жасадым. Ресімдеу кезінде қызметкерлер пәтер ұтысына қатыса алатынымды айтты, ол үшін кредитті алғаннан кейін Homebank-те төлемдер жасау керек екен. Аса мән бере қоймадым. Қала сыртында үйіміз болғанымызбен Алматының өзінде пәтеріміз жоқ. Пәтерді армандап қана қоятынбыз. Арман орындалады екен. Банктің арқасында пәтерлі болдық. Бұл пәтерді енді өзіміздің игілігіміз үшін қолданамыз. Қыздарым қазіргі уақытта қалаға қатынап оқиды. Қала сыртында тұрғандықтан оқуына барып-келуі қиын еді. Енді өз үйінде, қала ішінде тұрып, қиналмай білім алатынын болды. Бұл үшін банкке алғысымызды айтамыз. Осындай игі істеріңіз бен науқандарыңыз көп бола берсін. Барлық клиенттер мен жалпы ел тұрғындарына айтарым, ұтыс ойынына қатысыңыздар, пәтер ұтып алыңыздар!

Пәтерлер ұтыс ойыны жыл соңына дейін ай сайын өткізіледі. Сіз де Алматы қаласының қақ ортасындағы “Хан-Тәңірі” тұрғын үй кешеніндегі жаңа да жайлы пәтердің иесі атаныңыз.

Homebank-те бір рет кредит алып, 2020 жылғы 20 желтоқсанға дейін қызмет ақысын төлей отырып, ай сайын келесі 2 пәтер ұтысына қатыса аласыз. Науқан шарттарына сәйкес кредитті неғұрлым ерте ресімдесеңіз және Homebank-те төлем жасасаңыз, Алматыда пәтер ұтып алу мүмкіндігіңіз соғұрлым жоғары.

“Ай сайын пәтерлер ұтысы” науқанына қатысу үшін 2020 жылғы 20 желтоқсанына дейін келесі кредиттердің бірін рәсімдеу қажет:

  • Банк бөлімшесі арқылы 500 000 теңгеден басталатын кепілсіз кредит;
  • Homebank қосымшасында 200 000 теңгеден басталатын онлайн-кредит;
  • Homebank қосымшасында 200 000 теңгеден басталатын сомаға онлайн-бөліп төлеуге зат алу;
  • 1 000 000 теңгеден басталатын шұғыл қажеттіліктерге кредит;
  • 1 000 000 теңгеден басталатын ипотекалық қарыз, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар (“7-20-25”, “Баспана -ХИТ” ипотекасы).

Homebank-те 7 қыркүйектен 20 желтоқсанға дейін кез келген төлем жасау:

  • Төлемнің ең аз сомасы – ұтыс ойынның барлық кезеңінде айына 1 000 теңге;
  • Төлемнің ең аз саны – әр айдың 20 жұлдызына дейін 1 төлем (қараша, желтоқсан).

Ұтысқа мына адамдар қатыспайды:

  • Halyk Bank қызметкерлері;
  • Банкпен ерекше қарым-қатынастағы тұлғалар;
  • Осы ұтыс шеңберінде пәтерді ұтып алған клиенттер;
  • Ұтысқа қатысатын кредит бойынша толық немесе ішінара мерзімінен бұрын өтелген келісімшарт;
  • Ұтысқа қатысатын кредит бойынша өтеу мерзімі кешіккен клиенттер;
  • Банктегі кез келген кредиті бойынша өтеу мерзімі кешіккен клиенттер.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"