ТАЯУДА ҚАПШАҒАЙ ҚАЛАСЫНДА 180 ОТБАСЫ ҚОНЫСТОЙЫН ТОЙЛАЙДЫ

Уақыты: 12.11.2020
Оқылды: 980
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Таяуда 180 отбасы Қапшағайда қоныстойын тойлайды. Бұл туралы Қапшағай қаласының әкімі Нұрлан Құматаев баспасөз мәжілісінде мәлімдеді.

Бүгінде 50 пәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың мамыр айында басталған. Нысандағы жұмыстар толық аяқталып, қолданысқа берілу кезеңіңде. Шаңырақ шаттығын тойлайтындар көпбалалы, аз қамтылған және кезектегі тұрған отбасылар.

Үйлердің барлығы заманауи қажеттіліктермен қамтылған. "Сапаға баса мән беріледі. "Тұрғын үй жинақ банкі" салымшылары да биыл жаңа пәтер ала алады. Қапшағайда тағы 50 жалдамалы баспана салынуда. 5 қабатты нысандарда жұмыс 100 пайызға аяқталды. Жалпы, қаладағы 180 тұрғын жаңа үйге кіреді. 4 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Екеуі бүгінгі күні үлестіріліп берілді. Қалғаны жыл аяғына дейін деп жоспарланған", - деді шаһар басшысы.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан