МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША ОНЛАЙН КУРС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Уақыты: 16.11.2020
Оқылды: 1221
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалында негізгі жоспарлы курстардан тыс жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері үшін, атап айтқанда, мемлекеттік қызмет көрсету процесіне тартылған бейін бойынша мамандар үшін қосымша онлайн оқытудың алғашқы екі легі аяқталды.

Аталған курсқа ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мұрындық болды.

Оқыту мақсаты - мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тиімді коммуникация дағдыларының деңгейін арттыру, практикалық білім алу. Оқыту жер қатынастары, білім беру, сәулет және қала құрылысы, әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заңнаманы сақтау, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, коммуникациялық менеджмент, жанжалдарды шешу және күйзеліске төзімділік тақырыптарында жүргізілді. Өткізілген онлайн курстардың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілерге 50 сертификат берілді.

Онлайн курстың екінші легіне 54 мемлекеттік қызметкер қатысты.

Оқытуды филиалдың профессорлары, доценттері, сондай-ақ, Алматы облысы департаменті мен басқармаларының сарапшы-практиктері жүргізді. Шарада аталмыш департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасы бас мамандары Байшоранов Асылхан Айханұлы, Салиханов Сырым Рахметоллаұлы, Кәлпебаева Жадыра Дәулетқызы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қамсыздандыру, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, білім беру салалары бойынша сабақ берді. Сондай-ақ, заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының профессоры Сарқытбек Сәрсенбайұлы Молдабаев, әлеуметтану ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының доценті Аралбаева Рысжамал Қадырқызы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының аға оқытушысының міндетін атқарушы, жаттықтырушы, коуч, педагогика және психология магистрі Меңдіқұлова Сайран Сәлімгериқызы курс бойынша дәрістер оқыды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"