АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА ҚАЛЫҢ ТҰМАН ТҮСІП, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ

Уақыты: 16.11.2020
Оқылды: 1025
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" мекемесіне сілтеме жасап, ауа райына қатысты маңызды ескерту жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

2020 жылдың 16-17 қарашасында Алматы облысының бірқатар аумағында қалың тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыстан солтүстік-шығысқа ауыспалы жел соғады. Желдің жылдамдығы түнде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Талдықорғанда түнде көктайғақ күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы - 90-95 пайыз.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда тәуліктік бірыңғай құтқару қызметінің "112" немесе "101" нөміріне қоңырау шалыңыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"