ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖОЙҒЫШ ҰШАҚТЫ БАСҚАРАТЫН МАМАНДАР ОҚЫП ЖАТЫР

Уақыты: 17.11.2020
Оқылды: 986
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіров атындағы Қарағанды авиациялық базасының ұшу және инженерлік-техникалық құрамы Талдықорғанда біліктіліктерін қайта арттырып жатыр. Бұл жайында Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

«Бағдарлама теориялық дайындықты және жауынгерлік машинаны әуеде басқаруды көрсететін СУ-30СМ арнайы кешенді жаттығуды оқытуды қамтиды. Ұшқыштарды қайта оқытуға екі айға жуық уақыт бөлінеді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Жаңа техникада жаттығу ұшуларына рұқсат алу үшін олар тәжірибелі нұсқаушылармен 10-12 мәрте ұшуды орындауы қажет. Сынақ тапсырған соң және бақылау ұшуларын орындағаннан кейін әскери қызметшілер дербес ұшуға рұқсат алады.

- Қазіргі уақытта Талдықорған қаласындағы авиация базасында шамамен 25 адам қайта оқытуда. Олардың тоғызы заманауи ұшқыр ұшақта өз бетінше ұшуға жолдама алды. Кез келген оқытудың немесе қайта оқытудың өз қиындықтары бар. Сондықтан, біздің дайындаған, жаңа буынды ұшқыр ұшақтарды басқаруға және басқаларға өз тәжірибесімен бөлісуге қабілетті дайындалған ұшу экипаждарымыздың болғаны маңызды, - дейді Қарағанды авиациялық базасының командирі, подполковник Серік Рамазанов.

Оның айтуынша, Талдықорғаннан Қарағанды авиациялық базасына СУ-30СМ ұшқыр ұшақтары келді. Оларды жеткізу ресейлік «Иркут» зауытынан қайта жарақтандыру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Фото - ғаламтордан