КОРОНАВИРУС: НИДЕРЛАНДЫДА ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ОТШАШУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

Уақыты: 23.11.2020
Оқылды: 797
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Нидерландыда жаңа жылдық отшашуға тыйым салынды. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия жұмысы туралы телеграм каналында айтылды.

Нидерландыда жаңа жылда отшашулар мен пиротехниканың барлық түрлерін қолдану тоқтатылды. Бұл шешім "Жедел жәрдем" қызметкерлеріне COVID-19 ауруына шалдыққан адамдарға көмектесуге және отшашу жарылыстарынан зардап шеккендерге алаңдамауға мүмкіндік беру үшін қабылданды.

Ел билігі жылма-жыл Жаңа жыл түні пиротехникадан зардап шеккен адамдар санының көп болуына байланысты ауруханалар үшін бұл ең ауыр кезеңдердің бірі екенін жеткізді. Пандемия жағдайында бұл қолайсыз. Ауруханалар онсыз да COVID-19 пациенттеріне толып тұр. Дегенмен, қол бенгалы сияқты ең қарапайым отшашуларды қолдануға рұқсат берілген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан