ҮКІМЕТ ҚАУЛЫСЫ: МЕМЛЕКЕТТІК ТУДЫ БАЛКОНҒА ІЛУГЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ

Уақыты: 03.12.2020
Оқылды: 1185
Бөлім: КҮНДЕРЕК

ҚР Премьер-Министрі Асқар МАМИН Мемлекеттік туды үйлердің қасбетіне, балкондарға ілуге рұқсат беретін Қаулыға қол қойды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына өзгерістер енгізу туралы« №801 қаулының 4-тармағының бірінші бөлігіне: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын үй, тұрғын үй емес үй-жайларда), оның ішінде, балкондар мен салтанатты шаралар өтетін орындарда патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлікті білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалана (орнату, орналастыру) алады», - деп жазылды.

Үкімет Қаулысы қазақстандықтардың отаншылдық рухын оятып, ел бірлігін арттыруды көздейді.

"ҚАЗАҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан