ӨТІНІШТЕРДІ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАСТЫРУ - МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БАСТЫ МІНДЕТІ

Уақыты: 03.12.2020
Оқылды: 1150
Бөлім: КҮНДЕРЕК

"Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет", - деп атап өтті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел әрекет ету мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болып саналады.

Осы арада облысымыздың мемлекеттік мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», яғни, кәсіби мемлекеттік аппарат құру мақсатында департаменттің бастамасымен Алматы облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасымен бірлесе Талдықорған қаласы әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілер үшін арнайы оқыту семинарлары өткізілді.

Оқыту семинарлары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында қызмет атқаратын, өтініштерді қарастыратын және азаматтармен тікелей жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмысын қамтыды.

Аталған іс-шарада мемлекеттік қызметтерді жоғары деңгейде көрсету, өтініштерді дер кезінде әрі сапалы қарастыру сияқты көкейкесті мәселелер көтерілді.

Бүгінгі күні осындай семинарлар Талдықорған қаласы әкімінің аппаратында да өткенін айта кеткен жөн.

Ұйымдастырылған семинарлар барысында мемлекеттік қызметшілер тарапынан өзекті мәселелер көтеріліп, олардың тиісті шешімдері ұсынылды.

А.ТІЛЕСОВА,

Талдықорған қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы