АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 906 АДАМ КОВИД БОЙЫНША ЕМ ҚАБЫЛДАП ЖАТЫР

Уақыты: 05.12.2020
Оқылды: 920
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында бір тәулікте 40 адамнан коронавирус індеті анықталды. Бұл туралы коронавирусқа қатысты ресми сайтта жарияланды.

Жалпы, ел бойынша ауырғандар саны наурыз айынан бері 135 мың 498 адамға жетті. Өткен тәулікте Қазақстан бойынша 792 адам қауіпті індетті жұқтырған. Аймақтар бойынша ең көп ауырғандар Шығыс Қазақстан облысында, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тіркелген.

Ал Алматы облысында ковид жұқтырып, ауырғандар саны 5866 адамға жетті. Оның ішінде, 4960 адам емделіп шыққан. Қазіргі таңда Алматы облысында 906 адам коронавирус бойынша ем қабылдап жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"