"АЛМАТЫ-ШЕЛЕК-ҚОРҒАС" БАҒЫТЫНДА КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

Уақыты: 12.12.2020
Оқылды: 1408
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында 2020 жылдың 12 желтоқсаны, сағат 10:15-тен бастап ауа райының қолайсыздығына (қатты боран, жолдың нашар көрінуі, көктайғақ, тұман) байланысты «Үшарал-Достық» (83-184 шақырым аралығы) және «Алматы-Шелек-Қорғас» (25-110 шақырым аралығы) автожолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Бұл туралы Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді. Төтенше жағдай қызметкерлері азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларға назар аударуды сұрайды.

Алыс жолға шыққан кезде ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"