ӨТЕНАЙ ӘКІМДІГІНДЕ ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ҮШ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛЕДІ

Уақыты: 14.12.2020
Оқылды: 939
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі тұрғындарға 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

1.«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»; 2021-2021 оқу жылына 178 баланың өтініші қабылданды.

2.«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»; округ бойынша нысаналы мақсатын өзгертуге барлығы  - 189 өтініш, оның ішінде: 155 - жеке тұлғадан, 34 - заңды тұлғадан өтініш түсті. 48 өтініштен бас тартылды, оның ішінде: 25 - жеке тұлғадан, 23 - заңды тұлға, қалған. Қалған 141 өтініш қанағаттандырылды.

3.«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»; - Өтініш түскен жоқ.

4.«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»; 168 өтініш қабылданып, тізім кезегіне қойылды.

Мемлекеттік қызметтерді жандандыруға, қызмет алушыларды ақпараттандыру мен электронды түрде алуды насихаттау жұмыстарын атқарып келеді.

Округ тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы, қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алуды насихаттауды және цифрлы сауаттылығын арттыру мақсатында округ әкімдігінің ғимаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» халыққа қызмет көрсетеді. Округ тұрғындары "Egov.kz" Электронды Үкімет веб порталы арқылы әр түрлі анықтамалар алуда.

«Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Сурет - ғаламтордан