ЖЕТІСУДЫҢ БЕЛГІЛІ ТЕЛЕЖУРНАЛИСІНЕ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Уақыты: 15.12.2020
Оқылды: 1176
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Белгілі тележурналист Жұмахмет Жанахметұлы Жайлаубаев Қаратал ауданының Құрметті азаматы атанды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында әріптесімізді Қаратал ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Қасымов пен қараталдық қаламгер Қараша Қараман арнайы келіп құттықтап, кеудесіне төсбелгісін тағып, қолына куәлігін тапсырып, аудан әкімі мен халқының ыстық сәлемін жеткізіп, мәртебесін өсіріп қайтты.

Ширек ғасырға жуық Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасында оператор, тележүргізуші, бас продюсер, директордың орынбасары сынды жауапты қызметтер атқарған, соңғы бір айдың көлемінде облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің басын қосқан «Өлке тынысы» ЖШС-на контент-менеджер болып еңбек ететін әріптесімізді біз де марапатымен құттықтап, шығармашылық табыс, отбасына амандық тілейміз.

«ЖЕТІСУЛЫҚТАР»