ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ ЕҢ БИІК ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ БАЛКОНДАРЫНА КӨК ТУ ІЛІНДІ

Уақыты: 16.12.2020
Оқылды: 1536
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Тәуелсіздіктің құрметіне Талдықорғандағы 16 қабатты тұрғын үйдің балкондарына 30 Көк байрақ ілінді. Аталған шара "Менің Туым. Менің Отаным!» атты республикалық челенджді қолдау мақсатында әрі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, жетісулықтар осы айтулы күннің - Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығының маңыздылығын ерекше атап өтуге бел буды. Үй тұрғындарының айтуынша, бұл челлендж азаматтардың, әсіресе, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін күшейтуге ықпал ете алады.

- Елбасы айтқандай, Мемлекеттік рәміздер - бұл біздің мемлекетіміздің, егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті бейнесін білдіреді. Эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, біз бұл күннің маңыздылығын ұмытпауымыз керек, - деді 16 қабатты тұрғын үйде тұратын Гүлназ Ермұратова. Қала тұрғындары күнтізбедегі ең маңызды күнді мерекелеу үшін жүзеге асырылған шығармашылық істі жоғары бағалады.

- Мен осы ықшамауданның тұрғынымын. Мойын созып қарағанда Көк Туымыз көзіме оттай басылды. Өте әдемі көрінеді. Біз әрқашан Тәуелсіздік күні мен мемлекеттік рәміздерге ерекше мән беруге тиіспіз деп санаймын. Ал мұндай челендждер Тәуелсіздіктің қастерлі ұғым екенін түсінуге көмектеседі, - деді Талдықорған қаласының тұрғыны Аяужан Болат.

Естеріңізге сала кетейік, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында ел көлемінде "Менің Туым. Менің Отаным!" челенджі басталды. Әлеуметтік маңызы бар нысандарда және тұрғын үйлердің балкондарында мемлекеттік рәмізді ілуге рұқсат етіледі. Бұл акцияны қазақстандықтар оң қабылдады, олар әлеуметтік желілерде арнайы жобалармен, фото және бейне материалдармен бөлісіп, #Моифлагмояродина, #МеніңтуымМеніңелім #ЦветМоейРодины #Нашобщийпредник хэштегтері астында Қазақстан Туымен байланысты оқиғаларды жариялайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"