АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КАФЕЛЕРДІҢ БІРІНЕН ЗАҢСЫЗ ОЙЫНХАНА АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 18.12.2020
Оқылды: 1167
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысындағы кафелердің бірінен заңсыз ойын бизнесі анықталды.

Бұл жайында Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі мәлімет таратты. Комитеттің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Алматы облысының аумағында заңсыз ойын қызметін ұйымдастыру фактісін анықтады. Кафенің бірінде, покер ойнауға арналған екі ойын үстелі орнатылған. Тексеру барысында екі ойын үстелі, фишкалар, карталар, ақша және басқа да құмар ойынға қатысты заттар табылып, тәркіленді. Аталған факт бойынша тергеу амалдары басталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан