КӨКСУ АУДАНЫНДА СЫРҒАНАҚ ТЕБУГЕ БАРҒАН 10 ЖАСАР ҚЫЗ КӨЗ ЖҰМДЫ

Уақыты: 20.12.2020
Оқылды: 1478
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Көксу ауданында сырғанақ тебуге барған 10 жастағы қыз бала көз жұмды.

Оқиға күндізгі сағат 13:00-дер шамасында Мұқыры ауылында болған. Көксу ауданының әкімдігі оқыс оқиғаны растады.

- Бүгінгі күні сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын-ала болжам бойынша қыз бала басынан жарақат алған, - деді Көксу ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Айгүл Айманбекова "Қазақпаратқа" берген сұхбатында.

Оқиға орнында көз жұмған бала - Талдықорған қаласының тұрғыны. Ол сырғанаққа анасымен бірге барған. «Қайғылы жағдай болған жер жеке шаруашылыққа тиесілі. Бұл аумақта сырғанақ тебуге рұқсат етілмеген. Әкімдік тарапынан тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп толықтырды А.Айманбекова.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан