БАЛАЛАР АМАН: ЖАРКЕНТТЕ ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚША АУМАҒЫНДА ӨРТ ШЫҚТЫ

Уақыты: 21.12.2020
Оқылды: 839
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Панфилов ауданының Жаркент қаласында "Дана бала" жекеменшік балабақшасының аумағында жеке тұрған асхананың шатыры жанып кетті. Бұл туралы хабарламаны Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратты.

Тұтанған өрт 20 минуттың ішінде ауыздықталып, 15 сағат 42 минутта толығымен сөндірілді. Өрттің көлемі 90 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлерін төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттерге тұрақты үйретудің арқасында өрт сөндіру қызметкерлері келгенге дейін балаларды балабақша қызметкерлері қауіпсіз жерге шығарды, қазіргі уақытта барлық балалар үйлеріне тарады.

Өртті сөндіруге Алматы облысы төтенше жағдай департаментінің 8 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталуда. Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына өрт-сынақ зертханасы жіберілді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"