ҚҰТҚАРУШЫЛАР МҰЗ ҮСТІНДЕ ҚАЛҒАН 6 БАЛЫҚШЫНЫ ЖАҒАҒА ЖЕТКІЗДІ

Уақыты: 23.12.2020
Оқылды: 912
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының құтқарушылары Алакөл көлінің Ұзынбұлақ учаскесінде 6 балықшыны құтқарып, жағаға жеткізді. Бұл туралы "Жетісу" газеті төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Алты балықшы қысқы балық аулау кезінде екі автокөлікпен жұқа мұзға шығып кеткен. Біраз уақыттан кейін мұз жарылып, бір көлік көлге батып кеткен. «Мұз бетінде қалған алты адам жұқа мұздын бетімен өздігінен қозғала алмады (бұл учаскедегі мұздың қалыңдығы 10-15 см). Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж емес. Құтқару операциясына Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының 4 құтқарушысы, 1 жүзу құралы және 1 техникасы жұмылдырылды», - делінген ресми ақпаратта.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"