САРҚАНДА ҚОЙ БАҒЫП ЖҮРГЕН ШОПАН АДАСЫП КЕТІП, ӘЗЕР ТАБЫЛДЫ

Уақыты: 23.12.2020
Оқылды: 851
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Сарқан ауданында адасып кеткен шопан табылды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

2020 жылғы 22 желтоқсанда, кешкі сағат 16.50-де Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне Сарқан ауданы, Мұқан ауылынан 25 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығының шопаны (1988 жылы туған) мал жаюға шығып, адасып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге төтенше жағдай өкілдерінен және полиция қызметкерлерінен құралған 16 адам және 6 бірлік техникадан 3 іздестіру тобы жіберілді. Құтқарушылар орналасқан жерден іздеуді ұйымдастыру орнына дейінгі қашықтық 70 шақырымды құрады.

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, шаруа қожалығының жетекшісі шақырылды. Ол жоғалған шопанның мүмкін болатын орнын картаға үйлестіруге көмектесті.

Қабылданған шаралармен сағат түнгі 22.45-те іздеу тобы шопанды тапты, медициналық көмек қажет емес болды. Құтқарушылар шопанға ыстық шай беріп, тамақтандырды және жылы жерге орналастырды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"