ЖЫЛЫ КИІНІҢІЗ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА -28 ГРАДУСҚА ДЕЙІН ҚАТТЫ АЯЗ КҮТІЛЕДІ

Уақыты: 24.12.2020
Оқылды: 977
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында 24-25 желтоқсан күндері -28 градусқа дейін қатты аяз күтіледі. Бұл туралы "Жетісу" газеті "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлады.

Ауа райы болжамына қатысты дауылды ескертуге сүйенсек, алдағы түнде Алматы облысында 25 градусқа дейін қатты аяз болады. Облыстың солтүстігінде -28 градусқа дейін төмендейді. Кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні Алакөл ауданы Жалаңашкөл аумағында 18-23 м/с-қа дейін жетеді.

Талдықорған қаласында 24-25 желтоқсан күні түнде 26-28 градусқа дейін төмендейді.

Алматы облысының төтенше жағдай қызметкерлері азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылап отыруға және сақтық шараларын ұстануға (жылы киіну, түнде далада қалмау, алыс жолға шықпау) шақырады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан