ҰЙҒЫР АУДАНЫНДА 40 МЫҢНАН АСА ТАУЫҚ ОТТЕГІ ЖЕТІСПЕЙ, ТҰНШЫҒЫП ӨЛДІ

Уақыты: 24.12.2020
Оқылды: 1053
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ұйғыр ауданындағы құс фабрикасында 40 мыңнан аса тауық оттегі жетіспей, тұншығып өлді.

Ұйғыр ауданы әкімдігі хабарлағандай, «Otan Green Food» ЖШС №2 бройлер цехының №3 корпусында 41 002 бас құс өлген.

«№3 корпуста компьютердің жұмысы бұзылғандықтан желдеткіш клапан ашылмай қалған. Сондықтан, құстарға оттегі жетпеген. Сонымен қатар, корпустың іші қыза бастаған»,- делінген мекеменің "Қазақпаратқа" шыққан хабарламасында.

Бұл деректі құс фабрикасының ветеринарлық қызметі де растады. Облыстық әкімдік «Otan Green Алматы Food» ЖШС-ның басқа құстары аман екенін хабарлады. «Құс фабрикасы кұс тұмауына қатысты серологиялық талдау жасап жатыр. 10 желтоқсанда ИФА тәсілімен жүргізілген зерттеу бойынша құс тұмауы анықталмады. Ауданда эпизоотиялық ахуал тұрақты. Басқа жағдайлар тіркелмеді», - деді әкімдіктен.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"