ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ: "МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУЫ КЕРЕК"

Уақыты: 25.12.2020
Оқылды: 1018
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстан Халық партиясының Алматы облыстық сайлауалды штабының белсенділері Талдықорған қаласында «Есіктен - есікке» акциясын өткізді. Бұл туралы "Жетісу" газеті партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Акция аясында Талдықорған қаласының тұрғындары арасында үгіт-насихат материалдары таратылып, сайлауалды бағдарламаның негізгі тезистері түсіндірілді.

Сайлауалды штаб басшысының орынбасары және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Олжас Ибраимовтың айтуынша, Қазақстан Халық партиясы коронавирус пандемиясы салдарынан қаржылық қиындықтарға тап болған адамдарға банктердің есебінен несие рақымшылығын жүргізуді жақтайды.

– Адамдар үлкен шығынға ұшырады және мемлекет өз азаматтарына қамқорлық жасауы керек. Өйткені, бұл мемлекеттің тікелей міндеті, – деді Олжас Ибраимов.

Айта кету керек, партияның бұл бастамасы қала тұрғындарының қолдауына ие болды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"