ТАЛДЫҚОРҒАНДА АЯЗ АТА МЕН АҚШАҚАР ҮЙЛЕРГЕ КІРІП, ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ТЕКСЕРДІ

Уақыты: 25.12.2020
Оқылды: 1236
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдай қызметкерлері Аяз ата және Ақшақармен бірігіп, көпбалалы отбасыларға барды. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Жаңа жыл - балалардың көптен күткен және сүйікті мерекесі. Бірақ мерекелік көңіл көтеру кезінде де өрт қауіпсіздігі туралы ұмытпау керек. Осыған байланысты Алматы облысы төтенше жағдай департаменті қызметкерлері Аяз Ата және Ақшақармен бірге көпбалалы отбасыларға қонаққа барды. Облыс орталығы Талдықорғанда тұратын он отбасына кірген қызметкерлер балаларды Аяз ата мен Ақшақардың сыйлықтарымен, тәттілерімен қуантты.

"Қауіпсіз Жаңа Жыл" акциясы барысында барған үйлерде улы газды анықтау құрылғылары және өрт хабарлағыштар орнатылды. Бұл өз кезегінде көміртегі тотығының концентрациясын анықтауға және дабыл беруге көмектеседі. Ата-аналар мен балаларға көрнекі үгіт қағаздары тапсырылып, өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ, ТЖД қызметкерлері үйлерде қатты отынмен жағылатын жылыту пештерін қарап шықты. Ал арнайы шақырылған электр желісінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі тұрғысынан электр сымдарының жарамдылығын тексерді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"